Суббота, 27.04.2024, 06:10
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Егинчибаевой Жанар

Категории раздела
Соц.закладки
Наш опрос
Кто написал первую азбуку на казахском языке
Всего ответов: 64
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог файлов

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 3
Показано материалов: 1-3



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, конверттер, сандықша.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға жалпылама сұрақтар беру арқылы топ жинау. Сұраққа жауап берген оқушылар ойынға қатысатын болады. Топта бес адам болады. Топтың сұрақтары конвертке салынып, қақпалардың жанына қойылады. Әр конверттің ішінде үш сұрақтан болады. Үш сұраққа толық жауап берілген жағайда, қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

Жалпылама сұрақтар:
1. Сөзді дыбыстық жағынан тексеретін ғылым қалай аталады? (фонетика)
2. Көк ат деген тіркесте қандай ықпал түрі бар? (ілгерінді ықпал)
3. С. Сейфуллиннің туғанына неше жыл толды? (110 жыл)
4. Көп сөзінің антонимін тап (аз).
5. Республика күні қашан атап өтіледі? (25 қазан)
6. Көкшенің сал-серілері (Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай т.б.)
7. Көкшетау қаласы қай жылы құрылды? (1824 жылы)
8. Бір-біріне мағыналары жуық сөздер қалай аталады? (синоним)
9. Жыр алыбы атанған ақын (Жамбыл)
10. Ш.Уәлиханов қай жылы туды? (1835 жылы)
11. Екі етіске ортақ жұрнақ (-ын, -ін, - н)
12. Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)
13. Қазақ лицейі қай көшеде орналасқан? (Менжинский)
14. Қара өлең ұйқасы (ааба)
15. Конституция қай жылы, қай күні қабылданды? (1995 жылы, 30 қыркүйек)

внеклассная работа | Просмотров: 1780 | Загрузок: 0 | Добавил: Жанар | Дата: 21.11.2011 | Комментарии (0)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сауаттылық қабілеттерін арттырады. Сын есімнің қосарлану, қайталану, күшейткіш буын арқылы, бірнеше сөздің тіркесуі арқылы, күшейткіш үстеу арқылы жасалу емлесі бойынша мағлұмат алады.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Жаңа тақырыпты оқып-үйнерудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу. Алған білімдерін пркатикада қолдана біледі.
2. Дамытушылық: Сын есімнің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оқушылар өзекті мәселені анықтау және оны шешу жолдарын табу дағдыларын дамытады.
3. Тәрбиелік: Сын ечсімнің іс жүзінде қолдануын игерту, туған ауыл, өскен орта, оның табиғатын сүюге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, сызба. Сабақтың әдіс-тәсілі: Оқу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
І. Үй тапсырмасын сұрау (Күшейтпелі шырай)
ІІІ. Жаңа сабақ. Сын есімнің емлесі 1. Сын есім туралы ережені еске түсіру 2. Сын есімнің шырайлары. ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 42-бет. 1. Сын есімнің емлесі туралы оқып мағлұмат алады. 2. Ережеге сүйене отырып, сөз тіркестерін жазады. 3. Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырады. Ү. Шығармашылықпен жұмыс. 42-бет, 74-жаттығу. Қадірлі қонақ. 1. Мәтінді мәнерлеп оқиды. 2. Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық ерекшелігіне, шырай түріне ажыртау. 42-бет, 75-жаттығу. Күрделі сын есімдерді табу. ҮІ. Үйге: Сын есімнің емлесіне байланысты мысалдар жазу. ҮІІ. Сабақты бекіту Оқушыларды бағалау.
казахский язык | Просмотров: 3410 | Загрузок: 0 | Добавил: Жанар | Дата: 21.11.2011 | Комментарии (0)

6-сынып, қазақ тілі, І модуль
Сабақтың тақырыбы: Адамның мінез-құлқы. Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты: Адамның мінез-құлқы туралы әңгімелейді. Кірме сөздер туралы мағұлмат алады.
Сабақтың міндеттері:
 1.Білімділік: Оқушылардың берілген білімді, оның басты түйінін меңгеру дәрежесін анықтап, сөздердің мағыналарын ажырата біледі. 2.Дамытушылық: Ана тілінде еркін сөйлеп, өз пікірін толық жеткізе алуға дағдыланады.
3. Тәрбиелік: Бір-бірін сыйлауға, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиеленеді.
Көрнекілік: Оқулық, таблица.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, кезекшімен сұқбат.
казахский язык | Просмотров: 1506 | Загрузок: 0 | Добавил: Жанар | Дата: 21.11.2011 | Комментарии (0)

Поиск