Четверг, 25.04.2024, 15:21
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Егинчибаевой Жанар

Категории раздела
Соц.закладки
Праздники дня
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 8
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
 
 
 
Егинчибаева
 
 
 
 
 
Егинчибаева Жанар Акановна
Дата рождения:
работаю в Назарбаев Интеллектуальной школе учителем казахского языка и литературы
Контактные телефоны: (7222)56-07-90, сот. 87777089906
 
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы"
 
 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
 Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
 Азбайтұғын адамның алтындығы .
     Мектептегі ұстаздың орны ерекше. Өйткені ұстаз шәкіртіне «білім нәрін себуші адам, бағыт, бағдар көрсететін тұлға».Ұстаз- өмірдегі қасиетті  жан.Ол баланың психологиялық  ерекшеліктерін жетік меңгере отырып, білім негізін беретін адам.

      Ұстаз деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз? Ұстаздың ең басты мақсаты не? - Бұл бір ғана сөзбен анықтама бере салатын мамандық емес. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл»,- дейді дана халық. Бұл ұлағатты сөз мұғалім мамандығына арналады. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Сенің өміріңе бағыт берген, кәсібіңе үйреткен, тіршілігіңе нәр берген адамның барлығын ұстаз деп санау қажет. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұлардың  жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім.Бүкіл өмірін сол жолда сарп етіп, бірге қуана да, қайғыра да білетін, бойында барлық асыл қасиеттері бар ерекше жандар.

       Менің ойымша, ұстаз болу кез  келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатын, есінде мәңгі қалатындай болу керек. Менің бірінші ұстазым – аяулы әкем.Мені бала кезімнен баптап, өмірдің ыстығы мен суығын үйретіп, осы мамандық таңдауыма бірден-бір себепкер болды.

         Қанша жыл ұстаздық етсем де,  мені жиі мазалайтын  сұрақтар көп. Оқушыларым нені үйренді, не білді, қаншалықты терең білім бере алдым, болашақ өмірге дайындап, қиыншылықтарға қарсы тұруға бейімдей алдым ба? Бұл сұрақтардың жауаптарын оқушылардың өздерінен іздеймін.Менің шәкірттерімнің бойынан ерекше қасиеттерді көргім  келеді.Бұл іс-әрекеттер мен  қабілеттің түрін «дарындылық»  деп атаймыз.Олай болса,  дарынды балалармен істейтін  жұмысты  дарындылықты айқындаудан бастау керектігін түсіндім.Ол үшін алдымен  бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуім қажет екенін  білдім. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі.

         Дарынды баланың негізгі, өзіне тән  қасиеттері мыналар: ұқыптылық, жинақылық , зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы; ақыл-ой, логикалық  ойлауының тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі; барлық күш-қуатын жұмысқа жұмсап, тынымсыз еңбек етуі (белгілі психолог Н.С.Лейтестің пікірі бойынша). Осы атап айтылған қасиеттерге сәйкес сыныптағы  оқушыларымды  үлкен үш топқа бөліп алдым.

Бірінші топта:  Дана, Алина, Әлем,  Айнұр, Сәуле, Балжан, Әбілмансұр, Мейіргүл, Алдияр;          Екінші топта: Гюзаль, Арай, Диляра, Әсет, Айтолқын, Дина, Батырқан, Жұлдыз, Адэлина ,         Шыңғыс, Аида;

          Үшінші топқа Әлішер, Беназир, Әсет, Айфара, Жания, Ердәулет, Карина, Анастасия,  Влада, Иван,

           Виктор (7-8 –сыныптар арасы) жатады.Бірінші топтағы балалар бастаушылар ролін атқарып,

          соңынан    бейімділіктері бәсең достарын ертіп, түсіндіріп  жетелеп жүреді.Бала топта жұмыс

          жасағанда жаңа тақырыпты  оңай, тез қабылдап алады.Білмесе досынан сұрап алады, өзі көмекке  

          келеді.Сабақта балаларыма ойландыратын сұрақтар қойып, өз бетімен ізденіп, салыстырып,

           сыныптастарымен кеңес құрып, шағын зерттеулер жүргізетін тапсырмалар берген жөн деп

           санаймын.  Осындай жұмыстар нәтижесінде оқушыларымның шығармашылық қасиеттері

           тереңірек, жан-жақты  дами бастады, олар қарапайым ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне

           көше бастады. Оқушыға терең, жүйелі білім беруде жаңа технологиялардың алар орны да ерекше

 

         

           екенін білемін.Дәстүрден тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген

 қызығушылығын арттырады.Қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін дайындап, күнделікті жоспарға өзгерістер енгізіп, сайыс, дебат, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін. Сабақта оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір стратегияларын жиі қолданып жүрмін. Сонымен бірге қазақ тілі және әдебиеті  сабақтарында оқушыларға мынадай талаптар қойған жөн деп санаймын:

-үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу, ғаламтордан, кітапханадан  қосымша мәлімет  тауып келу;

-оқыған материалды өз сөзімен айтып шығу;

-тақырыпқа байланысты тірек-сызба, слайд, флипчарт  жасау, негізгі ережелерді  айту;

-тақырыпқа сай өз пікірін айта білу;

-қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу.

                   Меніңше, адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса

қажет қасиет. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда,  оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушының қабілетінің шарықтау шегін;

·         танымдық сұрақтар беру арқылы оқушының жан-жақты ойлау қабілетін;

·         теориялық тапсырмалар беру арқылы  тақырыпты меңгеру қабілетін;

·         Венн диаграммасы арқылы салыстыру қабілетін;  

·         эссе жазу арқылы оқушының іздену қабілетін;

·          ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілеттілік  деңгейін анықтауға болады;

·         дебат әдісін қолдану арқылы  оқушының өз ойын ашық айтуға, дәлелді сөйлей білуге, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге дағдыландыратыны сөзсіз.

      Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы  - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.» - деген болатын. Ендеше сол жастарды тәрбиелеу бірінші – отбасынан, екінші – мектептен, үшінші – қоршаған ортадан басталады. Мұның бірін екіншісінен бөліп қарастыруға болмайды.Сонда ғана оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасып, өмірден өз орнын таба алады.Бірде бір ата-ана баласының жаман болуын қаламайды. Оған өз перзентінен қымбат байлық жоқ. Мектеп те өзінің шәкірті басқалардан озық болса екен деп тілейді. Әрине, адам жүрген жерде кемшіліктер болып тұрады, бірақ оған көз жұма қарауға болмайды. Менің пікірімше, қазір ата-ана, мұғалімдерден гөрі, оқушыны жан-жақтан келіп жатқан ақпараттар көп тәрбиелеп жатыр.Одан жақсыны да, жаман жақтарды да үйренуге болады. Баланың интернетті пайдалануын бақылап отыратын бағдарламалар қажет. Кейбір сайттарға оқушының кіруіне тыйым салуымыз керек.

      Еліміз ежелден  «Ұстаз» деген ұлы сөзге ерекше құрметпен қарады. Ақынды да, дананы да ұстаз тәрбиелейтінін ескерген халқымыз баласын елдің ықыласына бөленген өнегелі ұстазға сеніп тапсырады. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген қанатты сөзді басты қағида етіп ұстады.Тағы бір ойландыратын сұрақ, қазір балаларымыз қазақ мектептерінде оқып жүрсе де орысша сөйлейді. Оларды қалай қазақыландыруға болады?  «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген сөз бар. Көп жылдар бойы бойыңа сіңген, қаныңа таралған әдеттен бір сәтте арыла салу оңай емес. Аз уақыт шыдасақ, өзіміздің әдеби тілімізге де, дәстүрімізге де жетеміз деп ойлаймын.

 

 

        «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” бар дегендей,  Демокриттің «Дарыннан дана шығады, өйткені өмір  мәні-асыл  ой» деген ұлағатты сөзі еліміздің өркениетті елдер қатарына көтерілу мақсатына сай айтылған. Ал, өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Бүгінгі ғаламдану үрдісінде ұлттық ізгі дәстүрді,  ұлттық сананы жалғастыру, ұлттық бейнені сақтау- ең негізгі құндылықтар.    

       Менің өмірлік ұстанымым: «Үйрене жүріп оқыту».Бүгінде  Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде   ұстаз болып, көп жылдық іс –тәжірибемді жалғастырып жүргеніме қуаныштымын.Басқаларымен терезесі тепе- тең білім ордасында жұмыс істеу үлкен мәртебе де, қол жетпес биік те... Менің әлі де білгенімнен білмегенім көп.Сондықтан алда  асар тауларым, көтерілетін шыңдарым, алар асуларым көп.Осылармен өмір қызықты емес пе?!
 
 Бесплатная раскрутка сайта
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930