Среда, 08.05.2024, 20:21
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Егинчибаевой Жанар

Категории раздела
Соц.закладки
Наш опрос
Кто написал первую азбуку на казахском языке
Всего ответов: 64
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог файлов

Главная » Файлы » методическая работа » казахский язык

Әдістемелік жұмыс
21.11.2011, 06:06
ІІ.1.Қазақша сұрақ-жауап кезеңі. 2.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау. Адамның мінез-құлқына байланысты сөздерді жазып, мағынасын ашып береді. 3.Өткен сабақты бекіту. 1) Лексика деген сөз нені білдіреді? 2) Сөздің мағынасы туралы не айтар едің? ІІІ. Жаңа сабақ 1.Кірме сөздер дегеніміз не? Кірме сөздер – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер. Мысалы: Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т.б. Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б. Орыс тілі: парта, кино, цирк, т.б. Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі. 1.Жаттығулар орындау. 8-жаттығу. Мәтіндегі кірме сөздерді және толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек- бөлек теріп жазыңдар. Әл-Фараби – дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым.Ол көптеген ғылымдарды үйренді.Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Ол Бағдат қаласына білімін жетілдіру үшін келді. Әл-Фараби 150-ден астам құнды-құнды еңбектер жазды.Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасады. Мысалы: Араб тілі: ғылым мағынасы толық емес сөздер: шағы, үшін, астам, секілді. Мағынасы толық сөздер: Әл-Фараби, дүние, жүзіне, әйгілі, т.б. 9-жаттығу. Басқа тілден енген сөздерді көшіріп жазып алып, қай тілден енгенін анықтаңдар. Паравоз, гидрология, комитет, агроном, педагог, медицина, спорт, хирург, плакат, конституция, радио, адвокат, геометрия, молекула, альбом, асфальт, автомобиль. 3-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағыналарын анықтаңдар. Әр сөздің қай сөз табы екендігін дәлелдеңдер. Адамның ең үлкен бақыты – оның өмір сүрген әр күні. Әр күнді қалай өткізу әркімнің өз еркінде. Сондықтан бақытыңды аялап, оны саналы түрде түсіну қажет. 4- жаттығу. Мәтінді түсініп оқу ( 18-бет. 5-сынып ) 1.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар. 2.Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет екенін дәптерлеріңе жазып, оларды үнемі басшылыққа алуға тырысыңдар. 12-жаттығу, 13-бет, 6-сынып. Мәтіннен туынды сөздерді теріп жазыңдар. ІҮ.Үй тапсырмасы: 5 кірме сөзбен сөйлем құрастыру.
Категория: казахский язык | Добавил: Жанар
Просмотров: 1508 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск