Четверг, 09.05.2024, 03:45
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Егинчибаевой Жанар

Категории раздела
Соц.закладки
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 8
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог файлов

Главная » Файлы » методическая работа » внеклассная работа

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
21.11.2011, 06:18
Тас қақпаның сұрақтары:
1. Қайыңнан сөзіне фонетикалық талдау жаса.
2. «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жаса.
3. Берілген сөз тіркестерін түріне қарай ажыратып жаз.
Кітапқа үңілу, ағашты өңдеу, ештеңе айтпау, сабақ дайындау, той дастарқаны, таңертеңгі шай, ақ жастық, Ақылбайдың дәптері, асықпай сөйлеу, үнсіз отыру, жібек белбеу, орнынан тұру.

Қабысу Матасу Меңгеру Жанасу 4. Жай сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін ата, мысал келтір.
5. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда, сөз таптарын көрсет.
Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды,
Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды.
6. Айқындауыш мүше дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
7. Адамның күлкісіне еліктейтін сөздерді ата.
8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу?
9. Бетінен оты шығу деген сөз қалай аталады? Қандай мағынаны білдіреді?

Күміс қақпа сұрақтары:
1. «Ер Төстік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Дәлелдеңдер?
2. Жүсіп Баласағұн қай жерде туып өскен?
3. Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығын қалай анықтаймыз?
4. Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылығын тап
5. Көне түркі жазбаларының оқылу кілтін тапқан кім?
6. Үзінді қай шығармадан алынған?
Балталы, Бағаналы ел аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер аман бол!
7. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері қай ғасырдың туындылары?
8. Гипербола дегеніміз не? Мысал келтір.
9. Көркем шығарманың кіріспе бөлімі қалай аталады?

Алтын қақпа сұрақтары:
1. Қазақстан өз егемендігін қай жылы, қай айда алды?
2. Мемлекетіміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы ауыстырылды?
3. Жерінің аумағы жағынан Қазақстан бүкіл дүние жүзінде нешінші орында тұр?
4. Қазақстанда қанша халық тұрады?
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға шықты?
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата.
7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты?
8. «Невада-Семей» қозғалысын кім басқарды?
9. «Диуани лұғат ат түріктің» авторы кім? Бұл не қылған шығарма?

Алтын сандық сұрақтары:

1. Үргеніш ханның сұрақтарына Сырым не деп жауап берді?
Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не?
2. Дау мұраты не?
Сауда мұраты не?
Қыз мұраты не?
3. Досбол шешеннің айтқандарынан:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?

4. Төле би қырық қарақшының қолына түсіп қалып, келіні Данагүлге хат жазады. Хатында: «Кенже ұлыма құда түстім, соған қырық құнан атан, 20 бура, 8 ақ бас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса жіберіңдер,»-деп жазады. Келіні Данагүл Төле бидің жұмбағын қалай шешеді?
Сабақты қорытындылау. Марапттау.
Категория: внеклассная работа | Добавил: Жанар
Просмотров: 1782 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск