Пятница, 03.05.2024, 12:45
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Егинчибаевой Жанар

Категории раздела
Соц.закладки
Наш опрос
Кто написал первую азбуку на казахском языке
Всего ответов: 64
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Қорқыт ата кітабы
1.Білімділік: Қорқыт бабаның өмір жолына тоқталып, Қорқыт ата кітабының мазмұнын аша біледі 2.Дамытушылық:Білімдерін толықтырады, тереңдеті, жаңа мағлұмат алады 3.Тәрбиелік: Қорқыт бабаның өнегелі өмірін үлгі ете отырып, шығармашылыққа тәрбиеленеді Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, интерактивті тақта, видео «Қорқыт-қобыз», слайд көрсету Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест, топпен жұмыс, видео, слайд көру, эссе жазу, мәнерлеп оқу, авторлық орындық І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа сабақ а) қызығушылығын ояту. - Қазір , балалар, тақтаға қарап, әнді мұқият тыңдайық.Содан кейін сұрақтарға жауап береміз. 1).Қорқыт туралы «Қорқыт-қобыз» атты видео көру.Оқушылар өз білетіндерін айтады, сұрақтарға жауап береді : -Бұл әнді кім орындайды? (Гүлнұр Оразымбетова).-Ән қалай аталады? («Қорқыт-қобыз») - Ә)Ал әншінің ішіне кіріп, аралап, қарап, алақанымен қабырғаны сипалағаны қай жер? (Жалайдыр жері, Қорқыттың мазары) Қорқыт деген кім? -Ал енді , балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын айталамыз ба? -Сабақтың тақырыбы: « Қорқыт ата кітабы». Слайд № 1 ә) мағынаны ажырату -Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді толықтырасыңдар, жаңа мағлұмат аласыңдар, бірігіп, ақылдасып, жұмыс істейсіңдер, өз ойларыңды айтасыңдар, өткенді қайталайсыңдар, сабақты қорытындылайсыңдар. -Қазір тыңдайық. Слайд № 2 - «Қорқыт ата кітабы» ҮІІІ ғасырдағы және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт («Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр-кісі» және «хыт-құт» сөздерінен шыққан. Кісіге құт, береке әкеледі деген мағынада. 2. Жаңа сөздер: Құт, береке - достаток, изобилие тағлым – пример, урок даңқ –слава, честь (семьи) - Енді дәптерімізді ашайық, бүгін қай күн екенін, тақырыпты жазайық. Қорқыттың көптеген күйлері бар: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Желмая», «Аққу», «Елім-ай, халқым-ай» т.б. 4. Қорқыттың нақыл сөздері бар: (Оқушылар оқулықтан кейбіреуін оқып береді) Слайд № 3 1) Жер қадірін ел біледі, ел қадірін жер біледі 2) Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. 3) Жақсы ана үшін бала – екі көздің сыңары. 4) Өтірік сөз өрге баспайды. 5) Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. нақыл – поучение, поучительные өнеге- пример тек (тегін)- род, племя 5)Нақыл сөздерді оқып, түсінгендерін өз сөздерімен айту. ІҮ. Топтық жұмыс. б) Ой толғау. Әр топқа Қорқыттың нақыл сөздерінен тақырып беріледі. Топта әр оқушы тақырыпқа байланысты өз дәптеріне эссе жазады, жазып болғаннан кейін топта ақылдасып, ең жақсы деген эссемен бір оқушы тақтаға шығады. Ол авторлық орындыққа отырып, эссені оқып береді.Басқа балалар тыңдап, өз пікірлерін айтады, сұрақ қояды, алғысын білдіреді. Слайд № 4 І топ - Жер қадірін ел біледі, ел қадірін жер біледі. ІІтоп – Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. ІІІ топ - Өтірік сөз өрге баспайды. 2. Қорытындылау. (А.Жұбановтың сөзі уақыт қалса) Ү. Үй тапсырмасы 1. «Қорқыт ата кітабы» туралы әңгімелеу. Ұнаған бес нақыл сөзін жаттау.
Категория: Мои статьи | Добавил: Жанар (18.11.2011)
Просмотров: 2339 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск