Пятница, 03.05.2024, 09:11
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Егинчибаевой Жанар

Категории раздела
Соц.закладки
Наш опрос
Кто написал первую азбуку на казахском языке
Всего ответов: 64
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Біздің болашағымыз
Біздің болашағымыз бүгіннен де жарқын да нұрлы болу үшін, адамзат қоғамын алға жылжытатын күш тек білімде ғана деп білеміз.Сондықтан да қандай да болсын ұлт үшін өз ана тілінен басқаның бәрі шетел тілі деп саналады емес пе? Сонда, орыс тілін толыққанды меңгермеген адам ол арқылы ағылшын тілін қалай оқып үйренбек?! Қазіргі таңда ағылшын тілін оқып үйрену, білгілері келетіндіктердің саны күннен күнге толығуда. Қоғамдағы соңғы кезеңде болып жатқан өзгерістер ағылшын тілін оқып үйренуге мәжбүрлік ахуалын туғызып отырғаны жасарын емес. Шетел тілі мен ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқыту бұрыннан-ақ ғалымдарлың назарын аударып келеді.Бұл жайында академик Л.Б.Щерба: «Сабақ үстінде тек қана шетел тілінде ғана жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін аластатуға болғанмен, оны оқушылардың санасынан аластау мүмкін емес»,- деп дәл анықтама берген болатын. Осыған байланысты өзімнің ізденіс жұмысымда үш тілдегі сын есімнің шырай категориясын салыстыра зерттеп өзара ұқсастары мен айырмашылықтарын айқындап, қазақ баласына ағылшын тілін ана тілі арқылы үйренудің тиімділігін дәлелдеуді мақсат еттім. Сапалық сын есімнің қазақ, орыс, ағылшын тіліндегідей үш шырай формасы болады: а) жай шырай, простая степень (the Positive Degree). Жай шырай түбір күйінде басқа шырай формаларына негіз болады: Long– ұзын, длинный Clever –ақылды , умный ә) салыстырмалы шырай, сравнительная степень (the Comparitive Degree). Заттың бір тектес сапасы мен белгісінің арасындағы сәл кем немесе сәл арттығырақ екенін біліреді: Longer – ұзынырақ, ұзындау, длиннее Cleverer – ақылдырақ, ақылдау, умнее б) күшейтпелі шырай, превосходная степень (the Superlative Degree). Заттың алғашқы қалыпты сапасын тым асыра, көтере немесе кеміте көрсету үшін қолданылады. Оқушы басқа тілдерді өз ана тілі арқылы үйренсе, оған жеңіл болады деп ойлаймын. Діні, ділі, тілі жоқ мемлекет - мемлекет бола алмайды. Сол себепті жастар бала кезінен бастап, ана тілін қадірлеп, қастерлеп, зерттеулер жүргізіп, ертеңгі халқымыздың игілігі үшін жарайтын істер атқарса, нұр үстіне нұр болар еді.
Категория: Мои статьи | Добавил: Жанар (18.11.2011)
Просмотров: 671 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск