Дәулет пен Хасен ауыл шетіндегі құмнан жуа теріп, үйлеріне келе жатты.Олар жолдың шетінде бір тұрып, бір жығылып жүрген ақ қозыны көрді.Ол өте әлсіз еді. Балалар оны алып кетпек болды.Әлсіз қошақан өз аяғымен жүре алмады.Екі бала қозыны кезетесіп көтерді.Қатты шаршаған екі дос қошақанды түс ауа ауылға жеткізді. Балалар қозының Дәулеттің әкесінің отарынан екенін білді. Олар қозыны шопанға әкеліп берді. Шопан балаларға үлкен алғыс айтты.
Сөздік:
ауылдың шеті – окраина
аула жуа – дикий лук
әлсіз – слабый
кезектесіп көтеру – поднимать поочередно
отар – отара
алғыс айтты – поблагодарил
|